ЕРІКТІЛЕР БАҒДАРЛАМАСЫ

ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің ұйымдастырушылары еріктілерді жинауда!
ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН еріктілер қызметі баға жетпес жұмыс тәжірибесін және өзін-өзі таныту, қабілеттерін ашу, тату команданың бөлігіне айналу, сөйлесетін адамдар қатарын кеңейту, өзін көрсету және жай ғана келуші емес, көрме жұмысының қатысушысына айналу мүмкіндігін береді!

Еріктілер қызметі әртүрлі мамандықтағы, жастағы және қызығушылықтағы өкілдерді біріктіреді, сондықтан осы ортақ іске қатысу шексіз, бастамаларыңыз және үлесіңізді қосуға деген ниетіңіз де шексіз. Ерікті болу үшін қандай да бір ерекше дағдылардың немесе бос уақыттың көп болғаны керек емес, ең бастысы — адамдарға көмектесу және уақытты пайдамен өткізу.
ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН көрмесінде орындау керек тапсырмалар:
  • көрмеге келушілерді тіркеуге көмектесу;
  • шетелдік делегациялармен жұмыс істеу;
  • автотұрақтарда көлік ағынын реттеу;
  • көрме қонақтарын қарсы алу және сүйемелдеу;
  • көрме қонақтарына іс-шаралар бағдарламасы, өткізу орны және уақыты туралы хабарлау;
  • іскерлік бағдарламаны дайындауға және өткізуге қатысу;
  • арнайы жобаларды дайындауға және өткізуге қатысу;
  • көптеген басқа қызықты және жауапты тапсырмаларды орындау.
Баға жетпес тәжірибе мен дағдылармен қатар, көптеген артықшылықтар мен жағымды жақтары бар:
  • қызықты адамдармен кездесулер;
  • тегін тамақтану;
  • көрме аяқталғаннан кейін әрбір еріктіге ұйымдастырушылардан диплом беріледі.
Бірінші кезекте, еріктілер қызметі — бұл әрбір ерікті бар жауапкершілігімен қарауы тиіс жәрдем екендігін ұмытпаңыз!